Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуро-2024: Франция жеңісті жолын жалғастырды

alashainasy.kz

Еуро-2024: Франция жеңісті жолын жалғастырды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында 2-турдың екінші ойын күні өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Негізгі ойынның бірі В тобындағы Ирландия мен Франция құрамалары арасында болды.

Алғашқы турда Франция Нидерландты 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, Ирландия ойын өткізген жоқ.

Кездесу барысында қос құрама шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойын тағыдырын 50-минутта франциялық Бенжамен Павар соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша Франция қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тобында бірінші орындағы орнын сақтап қалды.

Сондай-ақ аталған топта Нидерланд өз алаңында Гибралтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал E тобында Польша құрамасы Албанияны 1:0 есебімен жеңсе, Молдавия мен Чехия 0:0 есебіне қанағат білдірді. F тобында Австрия Эстонияны 2:1, Швеция Әзербайжанды 5:0 жеңіп кетті.

G тобында Венгрия құрамасы Болгариядан 3:0 есебімен басым түссе, Черногория Сербияға 0:2 есебімен жол берді.

Еске салсақ, H тобында 26 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024