Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда өтетін Азия ойындарының алауы тұтанды

alashainasy.kz

Қытайда өтетін Азия ойындарының алауы тұтанды

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан Дамодзяо тауында он тоғызыншы жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. Бұл туралы Спортта дамыту дирекциясы хабарлайды.

"Бұл жерде Қытай өркениетінің 5000 жыл тарихынан сыр шертетін Лянчжу ежелгі қаласы бар. Рәсім күн сәулесін пайдалана отырып, барлық дәстүрлі әдісті сақтай отырып өткізілді. Енді алау шеруі қыркүйектің ортасында Ханчжоу қаласының Шиху көлінен бастау алып, сосын эстафета Чжэцзянның 11 қаласын шарлап шығады. Сонымен қатар "цифрлы алау эстафетасы" онлайн платформалар арқылы Қытайдың әртүрлі қалаларында және Азия елдерінде онлайн режимде ұйымдастырылады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Азия ойындары 2022 жылы өтуі керек болған. Алайда пандемияға байланысты 2023 жылғы ауыстырылды. Азиада Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар