Дефлимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова қайтыс болды
Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды.
Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 шілде 2026