Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мбаппе "Реалда" қай позицияда ойнайтыны айтылды

alashainasy.kz

Мбаппе Реалда қай позицияда ойнайтыны айтылды

AS мәліметінше, Килиан Мбаппе "Реал" сапына өткен жағдайда сол қапталда ойнай алмайды екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, мадридтік клубта Винисиус Жуниормен жақсы түсіністік пен сыйластық бар. Бұл футболшының алаңдағы позициясына да әсерін тигізуде: егер "Реал" Мбаппені сапына қосса, франциялық шабуылшы сол қапталдан өзге барлық жерде ойнай береді. Өйткені бұл орын Винисиусқа тиесілі.

Бразилиялық ойыншы былтыр "Реалмен" келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан. Алайда клуб жаңа келісімшарт туралы ресми хабарлаған жоқ.

Ла Лиганың өткен маусымында Винисиус 33 матча он гол салып, тоғыз ассист жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар