Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Данияр барғаны дұрыс, Асланбек слабый көрінеді": Париж олимпиадасына Асланбектің орнына Данияр баратыны рас па

kaz.caravan.kz

Данияр барғаны дұрыс, Асланбек слабый көрінеді: Париж олимпиадасына Асланбектің орнына Данияр баратыны рас па

Бокс жанкүйерлерінің пікірі екіге бөлінуге Данияр Елеусіновтың әлеуметтік желідегі күтпеген мәлімдемесі себеп болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Нақты шақырту болып, тиісті жағдайлар жасалса, жазғы ойындарға баруға қарсы емеспін", - деп жазған Данияр Елеусінов. Ал, бокстан ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов бұл пікірталасқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Аян Төлеген Италиядағы лицензиялық турнирге Асланбектің баратынын айтып, пікірталасқа қатысты ресми пікір білдірген . "Италияда өтетін лицензиялық турнирге Шымбергеновтың баратыны сөзсіз. Сол сында өзін қалай көрсететінін байқаймыз. Егер қолынан келмесе орнын басқа боксшы басады", - деді Аян Төлеген. Бұл тақырып аясында желі қолданушыларының да пікірі қақ жарылды. "Асланбекті қолдаймыз", "Данияр барғаны дұрыс, Асланбек слабый көрінеді", "Еңбек Асланбектікі, ол өзін басында дәлелдеп тастаған. Токионың да алдында обал жасап Абылайханды алып кетті, тренері мен Сәпиевтің көмегімен", "Данияр барсын, Асланбек нокаутқа түсті ғой", "Асланбек дайындалса мықты боксшы", - деп жазды олар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар