Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ақымақтық". Рахмоновтан жеңілген америкалық күтпеген мәлімдеме жасады

alashainasy.kz

Ақымақтық. Рахмоновтан жеңілген америкалық күтпеген мәлімдеме жасады

UFC файтері Джефф Нил қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен не түйгенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Наурызда өткен UFC 285 тунирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді қылқындыру әдісімен жеңді.

"Мен ешкімге салғырт қарамау керегін түсіндім. Бәрі Шавкатты тым қатты мақтады, ал мен бұл хайпқа сенбедім. Мен: "Құрысын! Ол сондай мықты емес. Шынына келгенде ол түкке тұрмайды" деп ойладым.

Рахмоновпен жекпе-жекке салмақтылау қарауым керек еді. Ол мен ойлағандай осал болмай шықты. Мықты жігіт екен. UFC-де әр жекпе-жек қауіпті. Мен ақымақтық жасадым", - деп береді Нилдің сөзін Middle Easy.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар