Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев кімнің соққысы ауыр екенін "анықтады"

alashainasy.kz

Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев кімнің соққысы ауыр екенін анықтады

Naiza кәсіпқой спорт лигасы UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаевтың соққы күшін өлшеп жатқан видеоларын біріктіре жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшының соққысы 850 келі, ал тегі шешен швециялық файтердікі 856 келі болды.

Айта кетейік, екі спортшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. UFC рейтингінде Чимаев төртінші, ал Рахмонов алтыншы орында келеді.

Көптеген жанкүйерлер осы екі спортшының жекпе-жегін тамашалағысы келеді. Рахмонов бұл мәселеге қатысты жауабында бәрі жағдайға байланысты екенін айтқан:

"Егер айқасу керек болса, жекпе-жек ешқайда қашпайды. Мені бұл жекпе-жектің тек спорттық жағы қызықтырады".

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар