Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболшы қызды ернінен сүйген футбол федерациясының басшысы дауға қалды

alashainasy.kz

Футболшы қызды ернінен сүйген футбол федерациясының басшысы дауға қалды

20 тамыз күні футболдан Испания әйелдер құрамасы тарихта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Ал марапаттау рәсімінде болған жағдай ел арасында қызу талқылануда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Футболшы қыздарды марапаттау рәсімінде Испания корольдігі футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес команда капитаны Дженивер Эрмосоның ернінен сүйіп алған.

Кейін президент көпшіліктен кешірім сұрап, футболшы қызды эмоцияның әсерімен сүйгенін жеткізді.

Алайда бұл жергілікті жанкүйерлер мен басшылардың ашуына тиген.

Еңбек министрінің екінші орынбасары Иоланда Диас федерация президенітінің қызметінен кетуін талап етті.

Сондай-ақ белсенділер де бұл мәселеге назар аударып, Рубиалесті қатаң сынға алуда.

Ал футболшы Эрмосо болса мұның достық ниет екенін айтып, мәселеге айтарлықтай мән бермейтінін жеткізген.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар