Араға жеті жыл салып әлем чемпионы атанды
Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды.
Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген.
Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр.
Жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026