Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер

bilimdiler.kz

Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер

Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттерЕжелдегі диқандар көп кешікпей кей жерлердің егіншілікке қолайлы, кей жерлердің қолайсыз екенін түсінді. Кей өзен аңғарларының топырағы өте құнарлы еді, ол суармалы егіншілікке де жайлы болды. Оған Евфрат, Тигр және Ніл өзендері жатады. Олардың бойында халық тығыз қоныстанып, суды арықтар, арналар жүргізу мен тоғандар жасау арқылы бөлісіп, пайдаланды.Белгілі бір жер телімін күтіп - баптап жүрген диқан еңбегінің нәтижесін басқалар пайдаланып кетпейтіндей, қоғамдық тәртіптің бар екеніне сенімді болғысы келеді. Ал арық қазып, су тартқан адамға тұрақтылық пен қауіпсіздік ауадай қажет еді. Арықты бірнеше жер телімін көптеген жылдар бойы суару үшін қазады. Арық қазған адамдардың жер теліміне де, арыққа да ұзақ уақыт бойы иелік ететініне сенімді болуы маңызды.Әрине, өзен аңғарларында берік әрі ұйымдасқан қоғамдар пайда болды. Олар бізге белгілі қауымдастықтардың ең ежелгілері, өйткені олар тыныс - тіршілігін жазып қалдырған.Әрине, өзен аңғарларында берік әрі ұйымдасқан қоғамдар пайда болды. Олар бізге белгілі қауымдастықтардың ең ежелгілері, өйткені олар тыныс - тіршілігін жазып қалдырған.Евфрат пен Тигр өзендерінің бойында қоныстанған шумерліктер осыдан 5200 жылдай бұрын сына жазуын ойлап тауып, қолдана бастады. Бірнеше ғасырдан соң шумерлер тарих сахнасынан түсті, олардың орнына аккадтар келді, аккадтарды ассириялықтар алмастырды. Бұл халықтардың тілдері әр басқа болса да, бірдей жазуды қолданды. Сына тәріздес сызықшалармен түсірілген мәтіндер призма, цилиндр, конус сияқты түрлі формадағы саз тақтайшаларға жазылды.Бұл жазу жүйесі үш мың жылдай үздіксіз қолданыста болды, он бес түрлі тілдің қажетін өтеуге бейімделді. Көптеген басты белгілері мен нышандары бір мың жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз қолданылды. Шумер тілі іс жүзінде әдеби тіл ретінде ұзақ уақыт өмір сүрді. Ол ауызекі тіл ретінде б. з. д. 1800 - 1700 жылдар шамасында жойылып кетті, бірақб. з. д. VI ғасырдағы Бабыл қаласының бітікшілері өз тілдерімен қатар шумер тілінде де оқып, жаза білген. Демек, жазудың ең маңызды қасиеті ескі тілдер мен тілдік формаларды сақтап қалу екен. әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 мамыр 2024