Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"

bilimdiler.kz

Кітап үзіндісі: Балдан тәтті ғұмыр

Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.Әлқисса...– Алмағайыптың арашашысы өзiңсiң. Бiр жаратқанның барына сен, содан кейiн өзiңе ғана жүгiн. Шеттен көмек күтсең кешiгесiң, ол уақытында жетпесе өшiгесiң, сөйтiп өндiршектiктiң есiгiн ашып аласың. Бар пәле содан, – деп және бiр қайырып қойды.Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол. Кісі ғұмыры қысқа, бірақ абыройлы атақ мәңгілік. Ең жанашыр досың – ақыл - парасатың, ең зұлым дұшпан – тежеуіш ашуың. Төңірегінде сенетін дос көп болар, бірақ ең берігі – өзіңнің ақ, адал жүрегің. Дүниеде аялайтын асыл көп болар, бірақ ең қымбаты – өзіңнің өмірің. Адал жүрсең, әрнеден жолың ашық болар. Ақылмен шешсең, ғұмырың ұзара түсер. Қиындықтан қашпа, жаза баспа!Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан"Димекең алдағыны болжай білетін еді. Осы дарындылығының арқасында күні бүгінге дейін Қазақстанның тыныштығы бұзылған жоқ. Өйткені Қазақстани - қашанда көп ұлтты мемлекет. Қазақ жерін мекендеп отырған барлық ұлт өкілдерін алаламай басқаруға да ақыл - парасат керектігін бізге көрсетіп кетті. Біз бұл салада Димекеңнің дұрыс соқпақ салып кеткенін ұмытпайық. Халықтың ауыз бірлігін бірінші орынға қойған басшылардың елі əманда берекелі болатынын бір сəт естен шығармайық.Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы" кітабы Төлепбек Назарбековтың естелігіненШүбә деген жамансың - ау, жүрекке келіп бір сіңсең, терең түбіне жатып алып адамның ойын оңға бастырмауға тырысасың. Сырласамын, сүйемін, сөйтіп тұрып білмеймін деймін шүбәға еріп... Шынында да, білмейтін шығармын.Мұқан Иманжанов "Қыз сыры"Төлеген мен Қыз Жібектің – Құман мен Меруерттің шаңырағында қонақтықта отырмыз. Сөз кезегін Бақытжанға бергенде, қасында отырған Шерхан аға – Шерхан Мұртаза:- Тікірейген шашыңнан айналайын! – деп інісінің басынан сипады. Сонда Бәкең сөзін тост сөйлеуден емес, басқа бір әңгімеден бастады:- Аға, жақында мен жан - тән туралы жазылған бір кітап оқыдым. Сонда айтады, адам өмірге келгенде, яғни туыла салып, екі періште қасына келеді екен де, баланың бүкіл алдағы өмір тіршілігін, тағдырын кезек - кезек айтып береді екен. Бірақ қырқынан шығарған соң, бала оның бәрін ұмытады екен. Ал мен ұмытпадым. Періштелер «Әкең – Бауыржан, әйелің – Зейнеп болады» дегенде, төбе шашым тік тұрды да, сол күйі жатпай қалды, – деді.⠀Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"Жақсы бастық - жарты бақыт қой, шіркін! Өйткені, ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"«Әке балаға сыншы». Ұлт әкесінің «өздеріңді ел болар дей алмаймын...» дегені жеті түнде ұйқыны бұзар үрей ұялатады. «Бізді емес анау заманның адамдарын айтты» дейін десең де, әкенің «қалған көңіл – шыққан жанын» ұмытар, ұлылық ұйыған уақыт көші керегесін керген кербез дала көзіңізге түсті ме?..Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024