Қызылордада ҰБТ-ның алғашқы күні үлкен даумен басталды

Қызылорда қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні айтарлықтай қиындықпен өтті. Тестілеу орталығында жарық үш мәрте өшіп, 160-қа жуық түлек қатты қобалжығанын айтады.
Оқушылар жарықтың сөніп-жануы білім көрсеткішіне әсер етті деп санайды. Мектеп түлегі Данара Омарова бастапқыда 139 балл жинағанына сенімді болған, алайда нәтиже бар-жоғы 24 балл көрсеткен.
«Басында санап отырдым, жалпы 139 балл шықты. Оған нақты сенімдімін. Сосын бітіргеннен кейін қарасам 24 балл болып тұр. Оған сенбедім. Шынымды айтсам, жарықтың өшкені қатты әсер етті», – деді мектеп түлегі Данара Омарова.
Ата-аналар бұл жағдай кездейсоқ емес, әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін деп күмәндануда. Ал Төтенше жағдайлар департаменті жарықтың сөнуін техникалық ақаулармен байланыстырды. Электр жүйесінің құрылғыларды көтере алмауы себеп болған.
Дегенмен, ата-аналар мен оқушылар мұнымен келіспейді. Олар жарықтың 25-30 минутқа дейін болмағанын айтып, әділет талап етіп, сынақты қайта тапсыруға мүмкіндік беруді сұрап отыр.
- Соңғы
- Танымал
- Мамыр, 28
-
-
- Мамыр, 27
-
-
- Мамыр, 26
-
-
-
- Мамыр, 23
-
- Мамыр, 22
-
- Мамыр, 21
-
-
-
- Мамыр, 20
-
-
-
- Мамыр, 16
-
- Мамыр, 15
-
- Мамыр, 13
-
Күнделікті жаңалықтар
30 мамыр 2025