Астана халықаралық форумына бес мыңнан астам қонақ келеді

Astana International Forum (AIF) аясында Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келе бастады. Биылғы форумға 5 мыңнан астам шетелдік мейман қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында делегация басшылары, ірі компаниялардың жетекшілері, шетелдік журналистер мен форумға қатысушылар бар.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, форум күндері Астанадағы 37 ірі қонақүйге алдын ала бронь жасалған. 2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдызды қонақүйлердің жүктемесі 50-90%, ал 5 жұлдызды қонақүйлерде 90-100% аралығында толымдылық байқалады.
Сарапшылардың есебінше, бір шетелдік іскер турист Астанада орта есеппен 177 мың теңге жұмсайды (оған тұру, тамақтану, такси, ойын-сауық және шопинг шығындары кіреді), ал қалада болу ұзақтығы шамамен 3 күнге созылады.
Шетелдік қатысушылардың келуі есебінен форум Астана мен ел экономикасына 2,6 миллиард теңгеден астам мультипликативтік әсер береді деп болжанып отыр. Бұл Астанада осындай ауқымды халықаралық іс-шараларды өткізудің маңызын тағы бір дәлелдейді.
Astana International Forum биыл 2025 жылғы 29-30 мамыр күндері өтеді.
Форумның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі – «ERG Көмек» корпоративтік қоры. Ресми банк – «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. Сондай-ақ, форумды қазақстандық ірі кәсіпорындар мен компаниялар қолдап отыр.
- Соңғы
- Танымал
- Мамыр, 28
-
-
- Мамыр, 27
-
-
- Мамыр, 26
-
-
-
- Мамыр, 23
-
- Мамыр, 22
-
- Мамыр, 21
-
-
-
- Мамыр, 20
-
-
-
- Мамыр, 16
-
- Мамыр, 15
-
- Мамыр, 13
-
Күнделікті жаңалықтар
30 мамыр 2025