Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

inform.kz

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасө қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсер етеді. S&P өзінің есебінде мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті. Бұдан басқа, агенттіктің ақпаратына сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанның негізгі мұнай мен газ экспорттық нарықтарына шығуына кедергі болмайды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру арқылы жалғасады. Бұдан басқа, ҚР ҰБ-ның кредит беру бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетіп, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады. Жалпы, Standard&Poor's Қазақстан экономикасының өсуін 2022 жылы 3,6% және 2025 жылға дейін орташа есеппен 4% деңгейінде болжап отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар