Биылғы ел экономикасының өсім болжамы 2,1 пайызға дейін төмендетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы ел экономикасының өсім болжамы 2,1 пайызға дейін төмендетілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мұнай нарығында жыл басынан бері мұнайдың Brent маркасының орташа бағасы барреліне 98 АҚШ долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілік қаржы ұйымдары 2022 жылы мұнай бағасын 74 АҚШ доллармен 105 АҚШ доллар аралығында болжамдайды. Осыған байланысты, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 3,9-дан 2,1 пайызға дейін төмендеді», - деді ол. Бұл ретте министрдің айтуынша, номиналды жалпы ішкі өнім 91,5 трлн теңге көлемінде бағалануда. Бұл мақұлданған болжамнан 3,5 трлн теңгеге жоғары. «Өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер әлемде протекционизмнің күшеуюіне және тарифтердің өсуіне байланысты металлургиядағы өндіріске шектеу қою салдарынан 3,5-тен 2,9 пайызға дейін төмендетілді. Құрылыста өсім бұрын мақұлданған деңгейге сәйкес болады – 3,8 пайыз. Ақпарат пен байланыста ақпараттық қызметтерге сұраныстың төмендеуі салдарынан болжам 8,3-тен 5 пайызға дейін қысқартылды», - деді министр.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
30 сәуір 2026
30 сәуір 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар