2022 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сіздердің қарауларыңызға 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылып отыр. Нақтылау аясында Мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалық құжаттардың іс-шаралары, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығыстар, сондай-ақ бұрын қабылданған шұғыл міндеттемелерді іске асыруға арналған қосымша қаражат ескерілді. Аталған бағыттар бойынша бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды», - деді ол. Оның атап өтуінше, бюджет шығыстары 1,1 трлн теңге бюджеттің өз кірістері және 1,6 трлн теңгеге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту есебінен арттырылады. «Президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 трлн теңге бағытталатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
1 мамыр 2026
1 мамыр 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар