Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаңтар-ақпанда ЖІӨ өсімі 3,5 пайызды құрады

inform.kz

Қаңтар-ақпанда ЖІӨ өсімі 3,5 пайызды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар-ақпанда жалпы ішкі өнім өсімі 3,5 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қарау үшін 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау енгізіліп отыр. Макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалау, сонымен қатар мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды. Мәселен, жыл басынан бері ел экономикасы өсуінің оң серпіні байқалған», - деді ол. Оның дерегінше, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар-ақпан айларында 3,5 пайызды құрады. «Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдары осы жылы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу перспективаларының төмендеуін күтуде. Мысалы, S&P Global Ratings агенттігі 2022 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2-ден 3,6 пайызға дейін түсірді», - деді министр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар