Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Түркияға өнім экспортын ұлғайтты

almaty-akshamy.kz

Қазақстан Түркияға өнім экспортын ұлғайтты

Қаңтар-наурыз айларында еліміз бауырлас елге 1 миллиард 25 миллион доллардың тауарын жөнелтті. Оның үстіне экспорттың басым бөлігі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесіне тиді, ал жеткізілімі шамамен 3 есеге артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ бұл тізімде мыс, мырыш, мазут, сұйытылған газ, алюминий және ферроқорытпалар бар. Ал Түркия Қазақстанға негізінен киім-кешек, аяқ киім, дәрі-дәрмек, пластмасса және қара металл бұйымдары, кілемдер, жиһаздар, цитрус жемістері, күнбағыс тұқымдары мен түрлі жабдықтар жеткізеді. "Қазір түрік капиталын ескере отырып, құны 2 миллиард доллардан асатын 61 жоба жүзеге асып жатыр. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында 3700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Біз Президенттеріміздің екіжақты тауар айналымының көлемін алдағы жылдары 10 миллиард доллар деңгейіне жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындай аламыз деп ойлаймын", - Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев. Айта кетейік, қос тарап бұған дейін 15 халықаралық келісім бекітті. Олардың қатарында халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы құжат бар. Оның шеңберінде Қазақстан халықаралық көлік дәлізі маңайында орналасқан елдердің нарығына өз өнімін шығаруға мүмкіндік алады. Бұл дегеніміз Каспий және Қара теңіз жағалауындағы мемлекеттер, Таяу Шығыс, Еуропа мен Кавказ елдері .
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар