Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

petropavltv.kz

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2021 жылдың қорытындысына сәйкес Уалиханов ауданының экономикалық көрсеткішінде өсім байқалады. Атап айтқанда, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 11 процентке артып 1,4 млрд теңгені, өндіріс көлемі 20 процентке ұлғайып 580 млн теңгені,бөлшек сауда айналымы 0,3 процентке артып 1,2 млрд теңгені құрады. Мұнымен қоса, ауданда жол жөндеу, жарықтандыру және тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету мәселелері де біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Осы жолы өңірлік коммуникация қызметі орталығында Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пшенбаев есеп берді. Аудан басшысының мәліметінше ағымдағы жылдың 5 айында ауыл шаруашылық саласында өнім көлемі 4,5 млн теңгені құрады. Мұнымен қоса салаға 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 %-ға артық. ҚАЙРАТ ПШЕНБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: - Өткен жылдағыдай ауданымыздың 206 мың га алқапта ауыл шаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 113 мың га, майлы дақылдар 62 мың га, азықтық дақылдар 30 мың га. Бұл жұмыстарға барлығы 338 ауыл шаруашылық техника жұмылдырылған. Жаңар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету 100 процентті құрады. Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Өткен жылы 153 техника ал биыл 21 жаңа көлік сатып алынды. Ауданда мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, жалпы сомасы 10,4 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Осылайша 5 мыңнан аса мал сатып алынады. Ал, Кішкенекөл ауылында орналасқан «Жолдасбай-Агро» фермерлік шаруашылығы 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысын бастайды. ҚАЙРАТ ПШЕНБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: - Оның жалпы құны 5,2 млрд теңге. Бүгінгі күні мердігер ұйыммен құрылыс жұмыстары басталды. Келесі жоба, Ақбұлақ ауылында 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны 2,8 млрд теңге, қуаттылығы жылына 15 мың тонна ет өндіріледі. Ауданда халықтың әлеуметтік тұрмысын арттыруға үлкен көңіл бөлінген. Мәселен, өткен жылы 333 млн теңгеге Кішкенекөл ауылының 10 шақырымдай жолы жөнделсе, биыл 6,5 км қалпына келтірілмек. Бүгінгі күні тұрғындардың 95% ауыз сумен қамтылған. 10 ауылда су тазарту жүйесі орнатылса, 15 елді-мекенде су тарату бекеті бар. Медициналық ұйымдардың материалдық-технкиалық базасын жаңартуға соңғы 2 жылда 140 млн теңге бөлінді. Осының арқасында тұрғындар сапалы әрі қолжетімді медицинаға қол жеткізді. Десек те емдеу мекемелерінде дәргерлер тапшы. Майгүл Сейілбек
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024