Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бұқтырма жағалауында кәсіпкерлерге жер беру уақытша тоқтатылмақ

almaty-akshamy.kz

Бұқтырма жағалауында кәсіпкерлерге жер беру уақытша тоқтатылмақ

Демалыс орнын дамытудың бас жоспарын әзірлеу ұсынылды Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында кәсіпкерлер мен тұрғындарға жер беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында Бұқтырма су қоймасының жағалауын көркейтіп, демалушылар санын арттыру жайлы сөз қозғалды. Облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафин демалыс орнын дамытудың бас жоспарын әзірлеуді ұсынды. «Бүгінде жағалауға бос жатқан жер телімдері бар. Кейбіреулер сонда асығыс-үсігіс үйлер салып жатыр. Оларды тоқтатып, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жағалауды дамытудың бас жоспарын әзірлеу керек. Алакөлдің үлгісі бойынша инфрақұрылымды жақсарту үшін қанша қаражат қажет екендігін анықтау қажет», - деді ол. Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл ұсынысты мақұлдап, апыл-ғұпыл құрылыс жұмыстарын болдырмау керектігін айтты. Өз сөзінде ол нақты бас жоспар әзірленгенге дейін жаңа жер телімдерін беруді және онда құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді тоқтата тұру қажеттігін жеткізді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар