Бір жылда қазақстандықтардың шығыны 17% өскен
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығындары бірден 16,7%-ға өсіп, жан басына шаққанда рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сілтеме жасап. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ: өткен жылдың сәйкес кезеңінде үй шаруашылығының шығындары жан басына шаққанда 188,2 мың теңгені құрады, яғни бір жылда 6,7% көбейген. Өңірлерді салысытыратын болсақ, Алматы тұрғындарының шығындары ең жоғары көрсеткішке ие: тоқсанына жан басына шаққанда 319,6 мың теңге, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда бірден 19,7%-ға артық болған. Екінші және үшінші орындарда Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, жылына 15% қосылған) және астана (266,2 мың теңге, 14,9% көбейген) тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалып отыр: бар болғаны 158,2 мың теңге, жылына 6,7% қосылған. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен бірден 28%-ға аз. Шығынның ең көп өсімі Солтүстік Қазақстан облысында болған – бірден плюс жылына 30,1%, 245,9 мың теңгеге дейін. Халықтың барлық шығынын, яғни 91,9%-ын тұтыну шығындары құрайды: 201,8 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 16%-ға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарларының құны 109,9 мың теңгені, азық-түлік емес тауарларға – 53,2 мың теңгені, ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңгені құрады. Туыстарына материалдық көмек көрсетуге және алимент өндіруге 4,1 мың теңге, қарызды өтеуге 13,4 мың теңге, салық, төлемдер және басқа да төлемдерге 437 теңге жұмсалды.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 маусым 2026
15 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар