АҚШ "қазақстандық" Альфа-банкті санкциядан босатты
АҚШ бұрын ресейлік Альфа-банктің Қазақстандағы бөлімшесі болған қаржы ұйымын санкциядан босатты.24 ақпаннан бері ресейлік үш банктің Қазақстандағы бөлімшелері – "Сбербанк Қазақстан", "Альфа Банк" және "ВТБ Банк Қазақстан" санкция тізіміне ілініп, олардың қызметіне бірқатар шектеулер қойылған еді. Осыдан кейін банктер бірқатар шектеулер қоюға мәжбүр болды. Артынша Альфа-банктің Қазақстандағы бөлімшесінің иесі өзгеретіні және бірқатар инвесторлармен келіссөз жүріп жатқаны хабарланды.Мамыр айында банк қазақстандық "Банкцентркредит" ұйымына сатылып, ребрендинг жүргізілді. Қазір Альфа-банктің Қазақстандағы бұрынғы бөлімшесі Eco Center Bank деген атпен жұмыс істеп жатыр.14 шілдеде АҚШ қаржы министрлігі Ресеймен тыңайтқыш, азық-түлік, тұқым, дәрі-дәрмек және медицина жабдықтары бойынша келісім жасауға да рұқсат берген. Арнайы құжат ведомство сайтында жарияланды.АҚШ санкция тізімінен тыңайтқыш пен дәрі-дәрмектерді және өзге де бірінші кезекте қажет тауарларды 24 ақпанда – Ресей Украинаға басып кірген күні алып тастаған.Бір айдан кейін АҚШ қаржы министрлігі тізімдегі тауарлар бойынша транзакцияларға ресейлік Центробанк, ұлттық әл-ауқат қоры, Ресей қаржы министрлігі және тізімдегі өзге де банктердің қатысы болса, ондай операцияларға тыйым салынатынын мәлімдеді.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 маусым 2026
14 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар