Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бельгияда электр энергияның бағасы тағы өсті

inform.kz

Бельгияда электр энергияның бағасы тағы өсті

Бельгиялық RTBF телеарнасының мәліметінше, көтерме сауда нарығында бір мегаватт-сағаттың құны орта есеппен 561,94 еуроға (шамамен 269 мың теңге) жетті. Бұл жаңа рекордтық көрсеткіш, бұған дейінгі жоғары баға 17 тамызда тіркелді (541 еуро). Электр энергиясына бағаның өсуіне газ бағасы, француз АЭС-ның ағымдағы шектеулі жеткізілімдері, сондай-ақ су электр станциялары өндірісінің төмендеуіне әкелетін жергілікті өзендер мен су айдындарындағы судың төмен деңгейі ықпал еткен. Еуропа құрлығында ауа райының ыстық болуына байланысты ауа салқындататын кондиционерлер кеңінен қолданылуда. Осылайша, тамыз айында электр энергиясын жеткізуге жаңа келісімшарт жасаған клиенттер рекордтық бағаға дайын болуы керек. Фламандық Vreg реттеуші органының бағалауы бойынша, бельгиялық үй шаруашылықтары үшін орташа жылдық электр энергиясы 2154,58 еуро, ал газ үшін 3791,10 еуро болады. Фото: ctgrealestateservices.com
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар