18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аудару әлеуметтік жағдайды жақсартады
Осы бастамаға қатысты пікір білдірген саясаттануышы Самат Нұртаза бұл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ажырасудың азаюына септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv.cайтына сілтеме жасап. «Еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды. Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, менің ойымша, жастардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен ажырасудың азаюына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы шиеленіскен үрдістерді азайтады», - деді Самат Нұртаза. Бұдан өзге, саясаттанушы Жолдауда көтерілген жолдардың сапасын арттыру бастамасы – экономиканың дамуына серпін беретінін атап өтті. «Мемлекет басшысы атаған әлеуметтік мәселенің бірі – 2025 жылға дейін 95 пайыз автожол жөнделеді. Жолдың мәселесін бір адамдай сезініп жүрміз. Тас жолдар жөнделсе, жаңасы салынса, экономика қарқынды дамиды. Ол – артерия. Себебі, барлық сауда-саттық, ішкі тасымал дәл осы тас жолдарға байланысты болып отыр», - деп пікір білдірді саясаттанушы.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2026
11 мамыр 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар