Бір айда баспананы сату-сатып алу көрсеткіші 1,6 % артты
2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 36 241 мәміле жасалды, оның ішінде жеке үйлер – 8 905, көппәтерлі үйлер – 27 336. Тамыз айымен салыстырғанда (35 686) баспананы сату-сатып алу 1,6% артты. Мәмілелер саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көш бастап тұр. Жылжымайтын нарықтағы ең аз келісімшарт Ұлытау облысында жасалған – 372. Қазақстандықтарды көбіне көпқабатты үйдегі баспана қызықтырады. Қыркүйек айында олар бойынша барлығы 27 336 мәміле жасалды, бұл жалпы көрсеткіштің 75,4%. Бөлмелер санына келсек, қатарынан екі ай бойы 1 бөлмелі пәтерлер көп сатылған. Қыркүйек айында бір бөлмелі 10 163 пәтер ресімделді, олар бойынша сауданың 55,4% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. Екі бөлмелі пәтер бойынша 10 083 мәміле жасалды. 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда жеке үйлерді сату көрсеткіші төмендеген. Төмендеу динамикасы Қызылорда (-26,7%), Алматы ( -12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында(-11,3%) байқалды. Жеке үйлер саудасының өсімі керісінше, Шымкент қаласында (+11,6%), Ақтөбе (+9,8%), Шығыс қазақстан (+9,6%), Жамбыл (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 маусым 2026
14 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар