Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғалымжан Пірматов: 2023 жылы әлемде инфляция баяулайды

ktk.kz

Ғалымжан Пірматов: 2023 жылы әлемде инфляция баяулайды

«Көптеген елде инфляция нысаналы көрсеткіштерден артты. Әлемдегі монетарлық саясаттың күшеюі және логистикалық проблемалардың шешілуі 2023 жылы инфляцияның баяулауына әкеледі деп күтілуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамы бойынша G20 елдерінде инфляция 2022 жылғы 8,2 пайыздан 2023 жылы 6,5 пайызға дейін төмендейді», - деді Ғалымжан Пірматов. ҰБ төрағасының атап өтуінше, инфляция болжамы бірқатар алғышартқа байланысты. Олар: коронавирустың жаңа толқынының болмауы, Украинадағы соғыстың күшеймеуі, Еуропадағы энергия нарығындағы қысымның төмендеуі. Тыңайтқыштар бағасының өсуі, қолайсыз күн райының қатері қосымша проинфляциялық факторлар саналады. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы нақты мөлшерлемеге қатысты болжамды көрсеткіштердің оң болуын ескере келе, инфляциялық қысымды төмендету үшін пайыздық мөлшерлемелерді одан әрі көтеруді ұсынады. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының пікірінше, салық-бюджет шараларында инфляция жоғары болған кезеңде бұдан былай тұрақты ынталандырудан бас тарту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі ескерілуге тиіс екені маңызды», - деді ол. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар