Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

5 млн га бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

ktk.kz

5 млн га бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Сонымен қатар, бүгінгі күні жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, осы жылдың өзінде министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері учаске иелеріне қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін алу мен пайдаланудың заңдылығына қатысты 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді. «Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы құрылғанын еске саламыз. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды. Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан Президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды, бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын хабарлайды»,-делінген хабарламада. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар