Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ішкі мемлекеттік аудит: 288 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды - комитет

inform.kz

Ішкі мемлекеттік аудит: 288 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды - комитет

Комитет басшысының айтуынша, биыл 9 айдың ішінде ішкі мемлекеттік аудит бойынша 1 851 тексеру жүргізілді. «Тексеру нәтижесінде 288 млрд теңгеге жуық қаржы көлемінде заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 млрд теңгеге жуығы өтелді. Сондай-ақ, 29 млрд теңгеге жуық көлемде тауарлар жеткізіліп, қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, 233 млрд-тан астам теңгенің бухгалтерлік есеп бойынша кемшіліктері қалпына келтірілді. Одан бөлек, аудит объектілеріне 1 638 ұсыныс беріліп, оның 70%-дан астамы орындалды», - деді Ержан Мыңжасаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Спикердің мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 6 901 материал бойынша іс қозғалып, 605 млн теңгеден астам айыппұл салынды. «Бүгінде салынған айыппұлдың 587 млн теңгесі, яғни 97%-ы бюджетке өтелді. Сонымен қатар, 1 595 адам жауапкершілікке тартылды. 150-ге жуық материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Оның ішінде қазіргі уақытта 80 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Е. Мыңжасаров. Ержан Мыңжасаров мемлекеттік аудит дегеніміз – мемлекет активтерін тиімді басқару, бюджет қаражатын жұмсауды талдау, бағалау және тексеру екенін еске салды. Ондағы мақсат – бюджет қаражаты мен мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру. Ішкі аудитті арнайы сертификаты бар мемлекеттік аудиторлар жүргізеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар