Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк: Инфляция — 20,3 пайызға жетті, оған азық-түлік қымбатшылығы себеп

azattyq.org

Ұлттық банк: Инфляция — 20,3 пайызға жетті, оған азық-түлік қымбатшылығы себеп

2022 жылы Қазақстанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 20,3 пайызға жетті. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылы желтоқсанда айлық инфляция деңгейі сәл бәсеңдесе де (1,2 пайыз), кейінгі бес жылдың орташа көрсеткішінен едәуір жоғары."Оған азық-түлік қымбатшылығы көп әсер етті – бір жылда 25,3 пайызға қымбаттады. Жеміс-көкөністің маусымдық қымбатшылығы байқалды" деді Ғалымжан Пірматов.Оның сөзіне қарағанда, бір жылда азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы да артып, 19,4 пайызға жеткен."Басым бөлігі импортталатын тауарлар қымбаттап жатыр, арасында жеке тұтыну заттары, жуатын, тазалайтын құралдар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бар" деді Ұлттық банк басшысы.Оның сөзіне қарағанда, дегенмен көліктің қымбаттауы тежелген. Бұған "2021 жылдың жоғарғы база есептеулерінен шығу мен жанар-жағармайдың бағасын әкімшілік реттеу" әсер еткен.Қазақстанда кейінгі жылдары қымбатшылық дендеді. Билік инфляцияны тежеуге күш салып жатқанын айтқан.Бір жылда елде азық-түліктің негізгі түрлері: қант, күнбағыс майы, жұмыртқа, күріш қымбаттады.Ұлттық банк жылдық инфляция көрсеткіші 2023 жылдың алғашқы тоқсанында шарықтау шегіне жетеді деп болжап отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар