Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

inform.kz

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыздан бастап пияз экспортына қойылған уақытша шектеу үкіметтің шешімімен алынып тасталды. Мұндай шешім ішкі нарықтағы пияз бағасының тұрақтауына байланысты қабылданды. Бұған дейін хабарланғанда, Өзбекстанда бағаның күрт көтерілуінен кейін 1 қаңтардан бастап төрт айға пияз экспортына тыйым салынды. Оған отын-энергетика кешенінде, логистика және өнімді тасымалдау жүйесінде үзілістерге әкелген қалыптан тыс суық себеп болды. Ол кезде пияздың табиғи шығыны 228 мың тоннаны құрады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024