Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Bloomberg: Лондон Абрамовичтің ақшасын Украинаға аударуды кешіктіріп жатыр

azattyq.org

Bloomberg: Лондон Абрамовичтің ақшасын Украинаға аударуды кешіктіріп жатыр

Лондон ресейлік олигарх Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубын сатудан түскен 3 млрд доллар қаражатын Украинаға көмек қорына жіберуді кешіктіріп жатыр. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады.Қор жетекшісі Майк Пенроуздің сөзіне қарағанда, Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында және Ұлыбританияның өз ішінде саяси келісімге қатысты мәселелер бар.Bloomberg дереккөздерінің бірі ақша қорға түсу үшін өтінішті әуелі Ұлыбритания қаржы министрлігі мақұлдауы тиіс деді. Мақұлдау процесіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін, себебі министрлік қор ақшаны санкцияны айналып өту үшін пайдаланбайтынына көзі жетуі тиіс."Челси" бойынша келісімге қол қойылғаны былтыр жылдың басында хабарланып, мамыр айында аяқталған. Клубты 4,25 млрд фунтқа америкалық инвестор Тодд Боли жетекшілік ететін консорциум сатып алған. Сатудан түскен қаражат арнайы банк шотына салынып, бұғатталған.Қор құру идеясын Абрамовичтің өзі айтқан. Былтыр ақпанда Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін миллиардер санкцияға ілінген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар