Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға өскен

inform.kz

 Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға өскен

Жыл басталғалы елімізде азық-түлік бағасы белгілі көлемде өскен. Ал, кейбір өнімдердің арзандағаны байқалады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биылғы маусымаралық кезеңде 139,5 мың тонна өнім қоры жасақталды. Бүгінде оның 62,1 мың тоннасы тұтынуға жіберілді. Атап айтқанда, картоп – 29,7 мың тонна, сәбіз – 11,7 мың тонна, пияз – 11,9 мың тонна және 8,7 мың тонна қырыққабат. Нәтижесінде Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды. Соңғы 7 аптада баға 0,1%-дан аспады, ал жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға көтерілді. Соңғы 5 жыл ішінде орташа есеппен 6,4% болды», - деді Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев. Оның айтуынша, 2024 жылы маусымаралық кезеңде баға ауытқуы болмауы үшін тауар өндірушілермен қазірден келісімшарт жасалып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024