Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

WSJ: Сауд Арабиясы мен Ресей арасында мұнай мәселесі бойынша түсініспеушілік пайда болған

azattyq.org

WSJ: Сауд Арабиясы мен Ресей арасында мұнай мәселесі бойынша түсініспеушілік пайда болған

Ресейдің мұнай өндіру қарқынына Сауд Арабиясының көңілі толмайды, Сауд Арабиясы Ресей мұнай өндіруді азайту жөнінде ОПЕК+ шешімі кезінде мойнына алған міндеттемелерін орындамай отыр деп есептейді. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.Мақалада Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеуніктері Ресейдегі әріптестерін келісімді орындауға шақырғаны сөз болған. Эр-Риядтың есебінше, Ресей әлем нарығына алдын ала келісілгеннен көп мұнай шығарған, бұл әрекет мұнайды арзандатады, ал Сауд Арабиясы қымбаттағанын қалайды.Әлемдегі мұнай нарығында Brent бағасы сәуірдегіден 10 пайыз төмен. Сәуірде ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді азайтуға уағдаласқан. Халықаралық энергетика агенттігі де Ресей сәуір айында мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге азайту жөнінде берген уәдесін орындамады деп есептейді.Осыған байланысты 4 маусымда өтетін ОПЕК+ елдерінің жиыны қарсаңында жағдай ширығып тұр дейді сарапшылар. Бұған дейін ОПЕК+ елдері баға саясатын өз ішінде реттеп келген.Wall Street Journal жазуына қарағанда, Сауд Арабиясы бюджет бекіткенде мұнай баррелін 81 доллардан есептеген, алайда қазіргі баға одан бірнеше доллар төмен болып тұр. Мұнай өндіру азайса, баға өсуі мүмкін.Вице-премьер Александр Новак "Ресей мұнай өндіруді азайтудың ерікті деңгейін сақтап тұр" деген.Былтыр Батыс елдері Ресей мұнайын тасымалдауға шектеу енгізіп, Ресей мұнайының бағасын көтерілместей бекітіп қойған. Бірақ Мәскеу санкцияға қосылмаған елдерге мұнайын тоқтаусыз сатып келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024