Германия Қазақстанға $6 млрд инвестиция салды, елде 1 мың неміс компаниясы жұмыс істейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Қазақстан – Германия бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Президент форумда сөйлеген сөзінде өзінің мемлекеттік сапары аясында жетекші неміс компанияларының басшыларын ала келген Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті. – Бүгінде Германия компаниялары біздің экономикамызға шамамен 6 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл инвестицияның шамамен 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі екенін айта кеткен жөн. Елімізде неміс капиталының үлесі бар 1000-нан астам компания белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі – әлемге әйгілі брендтер, ал басқалары – орта деңгейдегі отбасылық бизнес. Неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырамыз. Батылдылыққа, нақтылыққа және жауапкершілікке негізделген неміс бизнесінің тәсілін бағалаймыз. Бұл қасиеттер бизнестегі табыс үшін өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 наурыз 2026
14 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар