Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚР мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымының құрылымы қалай өзгерді?

newsroom.kz

ҚР мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымының құрылымы қалай өзгерді?

Сауда айналымының басым бөлігі әлі де импорт. Алты айда ҚР-ға 8,4 млрд АҚШ доллардың тауары импортталды, бұл былтырғыдан 9,9% аз. Импорт құрылымындағы ЕАЭО елдерінің үлесі 28,8%.

Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорты 5,4 млрд АҚШ долларына жетті, көрсеткіш бір жылда 36,8% өсті. Экспорт құрылымындағы ЕАЭО елдерінің үлесі 14,3%.

2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспортының ең маңызды бабы бейорганикалық химия өнімдері болды (890,4 млн АҚШ доллары, бір жылда 54,3% көбейген). Сондай-ақ экспорттың елеулі көлемі жалпақ шойын мен болатқа, құрлықтағы көлік құралдары, ұшу құрылғылары, су көліктері және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтарға, жасанды корунд, темір рудалары мен концентраттарына тиесілі.

Бұл ретте Қазақстан бірінші кезекте қара металдан жасалған құбырларды импорттады: 468,3 млн АҚШ долларына, көрсеткіш былтырғыдан 2,3 есе көп. Одан кейін мұнай және мұнай өнімдері, шойын және болат штангалары, дизельдік отын, жалпақ шойын мен болат та айтарлықтай көлемде импортталды.

Сонымен қатар, ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдері инвесторлары алдындағы міндеттемелері биыл наурыздың соңында 19,4 млрд АҚШ доллары болды, бұл былтырғыдан 2,5% аз.

Соның ішінде Армения инвесторлары алдындағы міндеттемелер 16,9 млн АҚШ долларын (бір жылда 2,1 есе көбейген), Беларусьтен — 231,5 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Қырғызстаннан — 233,1 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Ресейден — 18,9 млрд АҚШ долларын (3,4% азайған) құрады.

Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдерінің инвесторлары алдындағы міндеттемелері 19,9 млрд АҚШ долларына жетіп, бір жылда 57% өскен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар