Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Костенко атындағы шахтадағы апат: Марқұм кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілді

ktk.kz

Костенко атындағы шахтадағы апат: Марқұм кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілді

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлім етті.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілер отбасыларының басым бөлігіне қажетті материалдық көмек көрсетілді. Ол қайғылы оқиғадан кейін барлық отбасыға барғанын жеткізді.

«Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем құжаттарын рәсімдеді. 42 отбасына төлем өтелді, қалғандары бойынша қазір жұмыс жалғасып жатыр. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 20 отбасына мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тағы да қолдау көрсетіледі», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тарапынан 41 отбасына 10 жылдық жалақы төленді. Қалған бесеуіне қатысты құжаттарды рәсімдеу әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ компания қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелерін өтеді. Бұдан басқа, «АМТ» марқұмдардың отбасыларына жанұядағы әрбір мүшесі үшін 18 м2 пайдалы алаң есебінен пәтер сатып алуға, сақтандыру төлемдерін, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге міндеттенеді. Бұл төлемдер осы жылдың қараша айынан бастап төлене бастайды.

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко атындағы шахтадағы трагедия 2023 жылы 28 қазанға қараған түні сағат 02:33-те болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болды, жер бетіне 206 кенші шығып үлгерді. Бастапқыда төрт құрбан туралы хабарланды, бірақ жер астында қалғандардың барлығы – 46 шахтер де қаза тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар