Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Reuters: Экспорттаған мұнайының ақшасын алу Ресейге қиын бола бастады

azattyq.org

Reuters: Экспорттаған мұнайының ақшасын алу Ресейге қиын бола бастады

Үндістанға экспорттаған мұнайының ақшасын алу Ресейге қиын болып тұр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі Ресейдің мұнай және банк құрылымдарындағы ақпарат көздеріне сүйеніп хабарлады.Теңіз арқылы экспортталатын Ресей мұнайының 60 пайызын тұтынып отырған Үндістан өзінің ұлттық валютасы - рупиймен есеп айырысатынын жариялаған. Бірақ Ресейдің мұнай компаниялары бас тартып, Үндістанға арналған мұнайды басқа сатып алушыларға жібереміз деп дөңайбат көрсеткен.Reuters жазуына қарағанда, Ресейдің Орталық банкі тек екі жақты саудада ғана қолданылуы мүмкін рупийді қабылдамау жөнінде бейресми нұсқау берген. Ресейдің Үндістанмен саудасында үлкен профицит бар болса, Үндістанның Ресейге импорты аз ғана. Екеуара келіссөзден кейін үнді импортерлері Қытайдың юанымен, Гонконг долларымен және Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамымен есептескен. Бірақ бұл шешім де уақытша, өйткені Үндістан Қытай юанын пайдаланғысы келмейді. Reuters мәліметіне қарағанда, мұндай проблема Түркия, Қытай және Африка елдерінің мұнай сатып алушыларында да пайда болуы мүмкін.Америка долларына балама іздестіру жалғасып жатыр, бірақ әзірге шешімі табылатын түрі көрінбейді. Reuters дереккөздерінің мәліметіне қарағанда, Үндістанның мұнай мен өзге де материалдар үшін Ресейге қарызы биыл жылдың басында 40 миллиард долларға жеткен, бірақ қазір азайған.Вашингтоннның қысымы нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктері ресейлік клиенттермен операцияға бақылауды күшейтіп, Ресей мұнайының бағасы G-7 бекіткен межеден аспауын қадағалап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар