Батыс Қазақстанда 74 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, аталған жер телімдері түгелдей мемлекет меншігіне қайтарылды.
Нұржан Ерболатұлының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу мақсатында облыс бойынша конкурстар өткізілуде.
«Биыл аудандарда жергілікті атқарушы органдар жалпы көлемі 92,2 мың гектар 169 жер телімі бойынша 30 конкурс өткізді. Нәтижесінде 83,6 мың гектар 148 жер телімі оны мақсатына сай пайдаланамын деушілерге табысталды. Оған қоса аудандарда 29,4 мың гектар 44 жер телімі бойынша 8 конкурсты өткізу жоспарлануда», - деді Н.Мақсотов.
Басқарма басшысының айтуынша, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар коммерциялық мақсатта жер телімдерін беру мақсатында аукциондар өткізіп келеді. Осы кезге дейін 54 мың гектар 109 жер телімі бойынша 64 аукцион мәресіне жетті. Аукциондарды электронды түрде өткізу сауда-саттықтың ашықтығы мен қолжетімділігін, бәсекелестік деңгейінің жоғарылауын және ұйымдастырушылар уақытының үнемделуін қамтамасыз етуге септесуде.
«Сол секілді өткен жылғы 9 қазаннан бастап Орал және Ақсай қалалары бойынша жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін беруге өтінімдерді тек электрондық түрде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды. Оған қоса өңірлік геоақпараттық жүйесі (геопортал) платформасында қажетті келісулер жүргізіледі, солардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жер телімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
2024 жылғы 4 қазандағы мәлімет бойынша Ақсай және Орал қалалары бойынша жер телімдерін алуға 2 599 өтінім берілсе, соның 879-ы мақұлданып, 287-сі өңделуде. Ал 1 433 өтінім бойынша бас тартылды. Жайылым туралы айта кетсек, облыс бойынша биылғы жыл басындағы жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басына сәйкес 25 мың гектар жайылым жерінің жетіспеушілігі байқалып отыр», - деді Н.Мақсотов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 желтоқсан 2024