Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса шаруа 19,7 млрд.теңге субсидия алды

zhambylnews.kz

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса шаруа 19,7 млрд.теңге субсидия алды

Жамбыл облысында 2024 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында 348 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 19,7 млрд.теңге субсидия төленді. Қаржы институттары арқылы 1 045 агроқұрылымға 15,2 млрд.теңге несие берілді.

Күзгі дала және егін жинау жұмыстарын мерзімінде жүргізу мақсатында 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 421 жаңа техника (411 трактор, 10 комбайн) сатып алынып, жаңару көрсеткіші 7,4 пайызды құрады.

​Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна дизель отынының 8,4 мың тоннасы жеткізілді. 7,4 мың тонна дизель отыны шаруаларға таратылды (бағасы 1 литріне 250 теңге).

Өңірде жыл сайын минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі артып келеді. 2024 жылы 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқышты енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 мыңнан аса шаруа 370 мың гектар жерге 74,2 мың тонна минералды тыңайтқышты енгізді.

626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып, 586,4 мың тонна астық жиналды.

​Ауа райының қолайлы болуына және агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 10 ц/га-дан 16,6 ц/га-ға дейін өсті.

​Қазір картоп, майлы дақылдар, көгөніс, бақша және қант қызылшасын жинау жұмыстары жүріп жатыр.

​Биыл 3,8 млн.тоннадан астам өнім алу күтіліп отыр.

600 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинау және өңдеу жоспарлануда. Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат (175,8 мың тонна өткізілді) қабылдайды, қалғаны Ақсу қант зауытында қайта өңделеді. Бүгінгі күнге 15,5 мың тоннаға жуық өнім өткізілді. Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтеледі.

Меркі қант зауытына Үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде. Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала — 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.

Меркі қант зауытына өткізілген өнімді жергілікті бюджет есебінен субсидиялау басталды (бағдарлама бойынша қалған 172 млн.теңге шаруаларға төленуде). Қолда бар қаржымен 6,8 мың тонна өнім субсидияланды.

600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен тағы 16 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қазан 2024