Қазақстанда мобильді байланыс тарифі қымбаттайды
Қазақстанда мобильді байланыс тарифі тағы қымбаттайтын болды. Қазір операторлар дайындыққа кірісіп кеткен. Цифрлық даму министрлігі елде қызмет көрсететін үш компанияның баға саясатынан араласа алмайтынын мойындап отыр. «Өкінішке қарай, мобильдік операторлардың тариф саясатына біз араласа алмаймыз. Дегенмен жаңа жыл қарсаңында тұрғындардың көңіл күйін түсірмеу үшін байланыс бағасын көтермеу жөнінде уақытша келіскенбіз. Қазір тарифті көтеру бойынша тиісті құжат әзірлеп жатыр. Әрине, аталған нарықта үйлестіруші ретінде олардың бұл қадамын біз құптамаймыз», – деді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков. Вице-министрдің айтуынша, өзара келіскен меморандум бойынша соңғы үш жыл бойы мобильдік операторлар байланыс тарифін көтермеген. Ал іс жүзінде баға біртіндеп өсіп жатқаны байқалады. Алайда соның есебінен ұялы байланыс сапасы жақсарып, интернет жылдамдығы артса бір жөн.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қаңтар 2025