Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Qazaqstan Investment Corporation АҚ басқарма төрағасы болып Дидар Қарымсақов тағайындалды

ktk.kz

Qazaqstan Investment Corporation АҚ басқарма төрағасы болып Дидар Қарымсақов тағайындалды

Дидар Қарымсақов М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам.

Еңбек жолын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-та құқықтық қамтамасыз ету секторының заң мәселелері бойынша кеңесші болып бастады.

2008-2019 жылдары мемлекеттік және жеке секторлардың түрлі компанияларында жұмыс істеді: «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «QazTrade» ССДО» АҚ.

Айта кетейік, бұған дейін Дидар Қарымсақов «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-та басқарушы директор қызметін атқарған болатын, ол 2023 жылы ребрендингтен кейін атауын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ деп өзгертті.

Басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін QIC «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2025