Коммуналдық қызметке бөлінген 1 триллион теңгені талан-таражға салған

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеруден кейін әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысында дерлік бір триллион теңгеге жуық заңбұзушылықтар анықталды. Ең көп бұзушылықтар Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарында тіркеліп, қаражаттың басым бөлігі тиімсіз жоспарлау мен қаржылық заңбұзушылықтарға кеткені белгілі болды.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, 472 миллиард теңге көлеміндегі бұзушылықтар жоспарлау кезеңінде жіберілсе, 300 миллиард теңгеге жуық сома тікелей қаржылық заңбұзушылықтарға тиесілі. Ал тағы 200 миллиард теңге тиімді пайдаланылмаған қаражат ретінде тіркелген.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз хатшысы Динара Әлімованың айтуынша, биыл алғашқы алты айда 218 миллиард теңге қалпына келтірілген немесе өтелген. Сонымен қатар 48 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Сарапшылардың пікірінше, мәселе жүйелі сипатқа ие. Салық төлеушілердің бюджет қаражатының жұмсалуын бақылай алмауы шенеуніктерге жауапсыздыққа жол беріп отыр.
Мамандар антикоррупциялық және қаржылық мәдениетті дамыту қажет екенін айтады. Ал бюджет қаржысын тиімді бөлу үшін цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу шығындарды азайтып, қаржының мақсатты жұмсалуына ықпал етер еді.
- Соңғы
- Танымал
-
- Қазан, 10
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 08
-
- Қыркүйек, 04
-
- Қыркүйек, 02
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 26
-
- Тамыз, 25
-
- Тамыз, 15
-
-
- Тамыз, 14
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2025