Қазақстанда банктер көбеюі мүмкін

Қазақстанда банктер көбеюі мүмкін. Бұған жуырда әзірленген «Банктер туралы» жаңа заң ықпал етеді. Құжатта банк секторындағы бәсекелестікті артыру нормалары қарастырылған. Әрі банктерді лицензиялауға қатысты өзгерістер бар. Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.
«Біз Ұлттық банкпен бірлесе «Банктер туралы» жаңа заңды әзірледік. Үлкен жұмыс атқарылды. Заңның ең негізгі мақсаты – банк секторындағы бәсекелестікті арттыру. Базалық және әмбебап лицензиялауды енгізудің нәтижесінде шағын және орташа банкттер секторға кіреді. Яғни, банк саны көбейеді. Бұл өз кезегінде бәсекенің артуына оң ықпал етіп, жеке және заңды тұлғаларға банктің өнімдері қолжетімді бола түседі деп ойлаймыз», – деді Олжас Қизатов.
Төлем қабілеті жоқ банктерге мемлекеттің көмегі қысқарады. Акционерлер шығындарын өздері өтеуі тиіс. Мемлекет тек жүйелі маңызы бар банктерге ғана көмектеседі. Бүгінде 4 банктің мемлекетке қарызы 1,3 трлн теңге екен.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 10
-
- Қазан, 08
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 08
-
- Қыркүйек, 04
-
- Қыркүйек, 02
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 26
-
- Тамыз, 25
-
- Тамыз, 15
-
-
- Тамыз, 14
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2025