Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экономист Бекнұр Қисықов: «Ипотека «қолжетімді» болудан қалады»

kaz.365info.kz

Экономист Бекнұр Қисықов: «Ипотека «қолжетімді» болудан қалады»

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі коммерциялық ипотека нарығына әсер етеді, деп хабарлайды https://kaz.365info.kz/ сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Экономист Бекнұр Қисықовтың пікірінше, ипотека «қолжетімді» болудан қалады.

«Енді бизнеске және халыққа арналған кредиттердің қымбаттауын күтеміз, бұл сөзсіз тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық белсенділіктің баяулауына алып келеді. Бұл, әрине, қаржылық тұрақтылыққа бағытталған мәжбүрлі қадам, бірақ қысқа мерзімді перспективада экономикалық өсімге кері әсері бар. Бұған дейін де ипотека қымбаттаған еді. Енді тағы бір-екі пайыз қосылады. Сөйтіп, бізде енді қолжетімді емес, «алтын» ипотека пайда болды. Қолжетімді ипотека тек Отбасы банк арқылы ғана бар, бірақ ол – әлеуметтік», – дейді ол.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға ипотека рәсімдеу мен банктердің сыйақы мөлшерлемелеріне қатысты кеңес берген. Сүлейменовтің айтуынша, банктердің сыйақы мөлшерлемесі – бұл Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдайтын арнайы құрал. Бұл мөлшерлеме қаржылық тұрақтылық пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдік негізінде таңдалады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар