Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан азық-түлік бағасы ең қолжетімді елдердің бірі

kaz.365info.kz

Қазақстан азық-түлік бағасы ең қолжетімді елдердің бірі

Қазақстан азық-түлік бағалары қолжетімді елдер тізіміне енді. Рейтингті Numbeo сарапшылары құрастырған. Бір жылдың ішінде еліміз тізімде 13 сатыға көтеріліп, 21-орынға жайғасқан. Қазақстандағы азық-түлік бағасы әлемдегі ең қымбат қала – Нью-Йоркпен салыстырылды.

Нәтижесінде елімізде азық-түліктің қолжетімділік индексі шамамен 28 пайыз болған. Демек біздің бағалар Ауғанстан, Пәкістан және Ирандағыдан шамамен бір жарым есе жоғары. Дәл осы мемлекеттер рейтингтің көш басында тұр.

Ал ең қымбат азық-түлікті Исландия, Швейцария және Кайман аралдарының тұрғындары тұтынады. Бұл елдерде баға Қазақстаннан төрт есе қымбат. Сарапшылар ең көп сұранысқа ие тауарлардың құнын да салыстырған. Ең қымбат өнімдер сүт, картоп және сиыр еті Швейцарияда тіркелген. Мәселен, бұл елде бір килограмм еттің бағасы Қазақстандағыдан жеті есе жоғары. Сондай-ақ бір литр сүт бізде екі есе арзан. Ал бір килограмм картоп шамамен 2 доллар төмен. ТМД елдерінің ішінде ең арзан азық-түлік Беларусьте екені анықталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар