Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кәсіпкерлер үшін жеңіл режим сақталатын болды

kaz.365info.kz

Кәсіпкерлер үшін жеңіл режим сақталатын болды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне (АСР) қатысты шектеулер айтарлықтай қысқарды.

Бұған дейін ұсынылған тыйым салынған қызметтердің кеңейтілген тізімі кәсіпкерлер арасында үлкен алаң тудырған болатын. «Атамекен» бұл мәселені шұғыл түрде көтеріп, бизнес қауымдастықтар мен министрліктер қатысқан кең талқылау нәтижесінде теңгерімді шешім әзірледі.

Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес үшін «таза парақтан» салықтық әкімшілендіру тәсілі енеді. Бұл тәсіл салықтық тексерулер мен камералдық бақылауды толық жоюды, мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану істерін алып тастауды, сондай-ақ негізгі қарызды 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, бұл өзгерістер – мемлекеттің бизнес үніне құлақ асуға дайын екенін және реформалардың кәсіпкерлер мүддесін ескере отырып жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар