Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Coca-Cola Içecek Қазақстандағы төртінші зауытын салады

kaz.365info.kz

Coca-Cola Içecek Қазақстандағы төртінші зауытын салады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) аясында компанияның Ақтөбедегі төртінші зауытын салу туралы шекті келісімге қол қойды. Келісім Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы негізгі серіктес ұлттық Kazakh Invest компаниясы қолдауымен жасалды.

Негізгі құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарлануда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін аймақ тұрғындары үшін 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын экологиялық таза технологиялар мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқару жүйесін пайдаланып, оны тұрақты өндірістік экожүйенің бір бөлігіне айналдырады.

«Бұл келісім біздің Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген ниетімізді көрсетеді. Ақтөбедегі жаңа зауыт компания үшін маңызды қадам болмақ: ол өндірісіміздің географиясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындары арқылы аймақтың тұрақты дамуына үлес қосады» – деп түсініктеме берді Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель.

Бүгінгі таңда Coca-Cola Içecek компаниясының 12 елде 36 зауыты бар. Қазақстанда қазір үш зауыт сәтті жұмыс істеп тұр. Олар Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орналасқан.

Сондай-ақ, екі ірі инвестициялық жобаның, яғни жақында Шымкентте салынып біткен зауыт (27 миллиард теңге) пен Ақтөбедегі жаңа нысан құрылысының арасындағы қысқа уақытты да атап өткен жөн. Небәрі екі жылда осындай екі жобаның жүзеге асырылуы Coca-Cola Içecek компаниясының Қазақстан нарығы мен оның ұзақ мерзімді әлеуетіне деген сенімін айқын көрсететін әсерлі нәтиже болып табылады.

«Ақтөбедегі жаңа Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытының құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің табысты үлгісі болып табылады. Жоба аймақтың өндірістік әлеуетін нығайтып, заманауи және экологиялық таза технологияларды енгізуге ықпал етеді. Біз халықаралық компаниялардың Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға қызығушылығын құптаймыз және оларды жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

KGIR аясындағы бұл келісім мемлекет пен халықаралық инвесторлар арасындағы стратегиялық диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Ақтөбедегі төртінші зауыттың құрылысы аймақтық экономиканың дамуы мен Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің жаңа қозғаушы күшіне айналады.

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде ел экономикасына 106 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. 2013 жылдан бері республикалықбюджетке 259 миллиард теңгеден астам салық түсті, ал оның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қосқан үлесі шамамен 475 миллиард теңгені құрады.

Coca-Cola Içecek компаниясы туралы:

CCI – Түркияның Anadolu Group тобының халықаралықеншілес сусын компаниясы. Ол Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирияда жұмыс істейді. CCI The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіреді, таратады және сатады, және де өзінің еншілес Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirket) компаниясы арқылы концентратты жеміс шырынын шығарады.

CCI 10 000-нан астам адамды жұмыспен қамтып, 12 елде 34 құю зауыты мен үш жеміс өңдеу зауытыкөмегімен 600 миллион халыққа сусындардың кең ауқымын ұсынады. Газдалған сусындарға қоса өнім портфеліне шырындар, сулар, спорттық және энергетикалық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.

CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» белгісімен сатылады.

Қазіргі таңдағы CCI көрсеткіштері:

12 мемлекет, 10 000+ қызметкер, 36 құю зауыты, 3жеміс өңдеу зауыты, ~1,2 миллион сауда нүктесі, 600+ миллион халық, 25+ бренд.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар