Ақмола облысында «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы дәнді дақылдарды терең өңдеу жобасын қаржыландырады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытайдың «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Келіссөз барысында тараптар Ақмола облысында дәнді дақылдарды терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.
Компанияның еліміздегі жоба жетекшісі Яо Яо мырза қазақстандық тарапқа көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, компанияның аграрлық салада ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті.
Компания экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды терең өңдеуге бағытталған жоғары технологиялы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысына 1,5 миллиард АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.
Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде – жаңартылатын энергия көздерінен қуат өндіретін жылу электр орталығын (ЖЭО) салу көзделген. Екінші кезеңде – лимон қышқылын, глюкоза-фруктоза шәрбаттарын, биоэтанолды, мал азықтық және ақуызды концентраттарды өндіруге бағытталған дәнді дақылдарды терең өңдеу зауыты іске қосылады.
Бұдан бөлек, инвестор қажетті энергия, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық парк құру мүмкіндігін де қарастырып отыр.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді дақылдарды терең өңдеуді дамыту мен отандық өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған маңызды жобаны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын»,-деді вице-министр Ермек Кенжеханұлы.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
- Қазан, 08
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 08
-
- Қыркүйек, 04
-
- Қыркүйек, 02
-
- Тамыз, 31
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2025