Amway Қырғызстандағы қызметін кеңейтіп жатыр: кәсіп пен салауатты өмір салтына жаңа жол ашылады
Енді Amway өнімдері мен қызметтері Қырғызстандағы клиенттер мен серіктестерге бұрынғыдан да жақынырақ бола түседі. Компания денсаулық, сұлулық және белсенді, үйлесімді өмір салтына арналған шешімдерді қолжетімді етіп, тұтынушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Amway компаниясының Қырғызстандағы қатысуын кеңейтуі — әрбір отбасы үшін сапалы өнімдер мен сұлулық пен денсаулыққа арналған заманауи шешімдерді ұсынуға бағытталған стратегиялық қадам.
Amway өзіне тиесілі 6 000 акрдан астам сертификатталған органикалық фермаларында егіншіліктің алдыңғы қатарлы әдістерін пайдаланып, өсімдіктерді олардың ең жоғары биологиялық құндылығы кезеңінде жинап алу тәсілімен өсімдік шикізатын өсіреді. Бұл өнімдердің жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, және адамдарға өздері мен отбасыларының денсаулығына өмір бойы қамқорлық жасауға мүмкіндік береді.
«Amway қызмет атқаратын барлық нарықтарда біз дені сау және бақытты өмір идеясын насихаттаймыз. Өзіңе күтім жасау — бұл қалыпты өмір салтына айналуы тиіс. Біз үшін әр өнімнің артында жай ғана әдемі идея емес, нақты ғылыми зерттеулер мен тәжірибе тұруы маңызды. Бүгінде біздің 800-ден астам ғалымдар мен сарапшылар тобы адамдардың белсенді өмір сүріп, өзіне сенімді болып, қуанышпен өз денсаулығына көңіл бөлуі үшін еңбек етуде», — деді Amway Central Asia компаниясының бас директоры Ник Музашвили.
Amway компаниясының Қырғызстандағы жаңа даму кезеңінің ресми ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Іс-шараға компания өкілдері, мемлекеттік органдар мен Amway бизнес-қоғамдастығының мүшелері қатысты – бұл «өзара қолдау мен серіктестіктің алтын үшбұрышы» символына айналды.
Іс-шара барысында қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттаудағы серіктестіктің маңызын, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтудің өзектілігін атап өтті. Amway-дің Қырғызстандағы жаңа инфрақұрылымы клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға, жеткізу мерзімдерін оңтайландыруға және серіктестерге елдің барлық өңірінде қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл компанияның аймаққа деген ұзақ мерзімді міндеттемесін нығайтып, жергілікті кәсіпкерлер мен отбасыларға саналы әрі салауатты өмір салтын ұстануға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Amway компаниясының Қырғызстандағы табысты дамуына жергілікті көшбасшылар мен мықты қауымдастықтың үлесі зор. Олар көп жылдар бойы өз үлгісімен адамдарды шабыттандырып, денсаулық мәдениетін насихаттап, басқаларға өз табыс жолын құруға көмектесіп келеді.
«Біз Amway Central Asia компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Компания Қырғызстан азаматтарына кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, әркімге өз өмір деңгейін жақсартуға, өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болуға жағдай жасайды!», — деді Қырғызстандағы Amway Central Asia бизнесінің негізін қалаушы Қасымов Бақтыбек пен Бабаназарова Атыргүл.
Қырғызстандағы қызметтің дамуы кең ауқымды өңірлік стратегияның бір бөлігі болып табылады. Amway Central Asia Қазақстанда балалар мен жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ eSpring™ су тазарту және Atmosphere™ Mini ауа тазарту жүйелері сынды экологиялық технологияларды ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік және білім беру жобаларын табысты іске асырып келеді. Білім министрлігімен бірлесіп мектептерге арналған «Денсаулық және амандық — табысты болашақтың кепілі» атты элективті курс әзірледі. Бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларына салауатты өмір салтының негізгі қағидаттарын үйретеді. 2024 жылы Қазақстандағы 500-ден астам мемлекеттік және жекеменшік мектеп қамтылып, 20 000-ден астам оқушы оқытылды. 2025 жылы бұл көрсеткішті одан әрі арттыру және 100-ден астам мемлекеттік және жекеменшік колледжді қосу жоспарланып отыр.
Іс-шара барысында врач-гериатр, ҚазҒЗТУ (Satbayev University) EcoTech жобасының медициналық бөлімінің басшысы және Atmosphere™ Mini бренді бойынша сарапшы Глеб Краснов сөз сөйледі: «Ауамен бәріміз тыныс аламыз. Сондықтан оның тазалығына қамқор болу — жай ғана үрдіс емес, Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия сияқты тез дамып келе жатқан қалалары бар елдер үшін нақты қажеттілік».
«Ауа» санаты — Amway дамуының жаңа әрі басым бағыттарының бірі. Atmosphere™ Mini жүйесі үй мен кеңседе таза және сау орта қалыптастыруға көмектеседі, бұл компанияның адамның және оның отбасының амандығына қамқорлық жасау жөніндегі заманауи көзқарасын көрсетеді. Себебі таза ауа — денсаулық пен дамудың негізі, ол әрбір адамға тікелей қатысты.
Amway үшін Қырғызстандағы дамуды жалғастыру – жай ғана бизнес шешім емес, компанияның «адамдарға жақсы өмір сүруге көмектесу» миссиясының маңызды бөлігі. Компания әр адамның әлеуетін ашуға және ортақ мақсатқа біріккен күшті қауымдастық құруға ұмтылады.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
- Қазан, 08
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 08
-
- Қыркүйек, 04
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қараша 2025