Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еліміздегі бір қаланың жаңа жылдық безендіруіне 800 миллионға жуық ақша жұмсалмақ

kaz.365info.kz

Еліміздегі бір қаланың жаңа жылдық безендіруіне 800 миллионға жуық ақша жұмсалмақ

Павлодарда мерекелер алдында қаланы дайындау мен безендіруге жергілікті билік 791,9 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Лоттар мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Тапсырыс беруші – Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Үш лотқа сәйкес, қаржы мерекелік конструкцияларды орнату және күтіп-ұстау, жабдықтарды тасымалдау, арнайы техникалар мен қызметкерлер жұмысын ұйымдастыруға бағытталады. Тізімде ондаған түрлі техника бар: автокрандар мен самосвалдардан бастап автобустар, тиегіштер және автовышкаларға дейін. Ең ірі сома – 446,4 млн теңге, тағы 236,6 млн теңге және 108,9 млн теңге дәл осындай жұмыстарға бөлінген.

Сметаға техника жұмысының мыңдаған машино-сағаты және мерекелік безендірулерді орнату, конструкцияларды құрастыру және қалалық орындарды мерекелік іс-шараларға дайындауға тартылатын жұмысшылардың жүздеген еңбек сағаттары енгізілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар